Солтүстік Қазақстан облысында студенттердің құрылыс жасағы мен «Жасыл ел» жасағының жазғы еңбек семестрлері басталды

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында студенттердің құрылыс жасағы мен «Жасыл ел» жасағының жазғы еңбек семестрлері басталды.
None
None

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің бас ғимараты алдындағы алаңда осы маусымның салтанатты ашылуы болды.

Бұл - облыстағы алтыншы еңбек семестрі. Оған ЖОО-лар мен колледжердің 750 студенті қатысып, жаз бойы елді мекендердің абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қатысады. Осы студенттердің ішінен 540 жас Петропавл мен облыс орталығына жақын жерлерде жұмыс істейтін болады.

Студенттер алдында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ерлік Жанділдин СҚО-да жастардың еңбек жасақтарына қатысу дәстүрі ұмытылмайтындығын айтты.

Соңғы жаңалықтар