Солтүстік Қазақстан облысында татуластыру кабинеті ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық сотында татуластыру кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.
None
None

Татуластыру кабинеті Жоғарғы соттың «Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасының аясында ашылды.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов атап өткендей, татуластыру рәсімдері жанжалды реттеуге, тараптар арасындағы қарым-қатынасты орнатуға,  дауды шешудің өзара тиімді жолын табуға бағытталған. Осы мәселе төңірегінде медиация кабинеттері маңызды рөл атқарады, өйткені олар жайлылық пен құпиялылық орнатып, әңгімелесуге жағдай жасайды.

Дәл сол күні бітістіруші судья Сәкен Тілегенов 12 700 теңге берешекті өндіріп алу туралы ЖШС-нің азаматқа талап қоюы жөніндегі дау бойынша медиация түріндегі алғашқы татуластыру рәсімін жасады. Талап қоюшы мен жауапкер арасындағы дау былтыр басталған. Судьяның дұрыс ұйымдастырылған жұмысының арқасында тараптар өзара татуласу туралы келісімге келді. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, 1 883 теңге көлемде төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Бұған дейін Петропавл қаласының № 2 сотында және Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осындай кабинеттер ашылған болатын. 

null 

Соңғы жаңалықтар