Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерде болған өрттерде бір адам мерт болып, екі сәби зардап шекті
ҚР ТЖМ-ның таратқан хабарына сүйенсек, кеше, 15 қараша күні СҚО-да екі өрт оқиғасы болды. Олардың бірі таңертеңгі сағат 6 жарымда Бұлаев қаласындағы жекеменшік тұрғын үйде болды. Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің бес адамы мен екі техникасы 72 шаршы метр аумаққа тараған жалынмен төрт сағаттан астам уақыт күресті. Өртті сөндіру барысында 1956 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Ал сағат үш жарымда Тайынша қаласындағы жер үйлердің бірінде тұтанған от 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан 3 және 5 жасар екі бала күйік жарақаттарын алды. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.