Солтүстік Қазақстан облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 1 025 адам жұмыспен қамтылады

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында Жол картасы аясындағы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына сай осы жылы білім беру орындарының 1 025 түлегі жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
None
None

Жол картасының төрт бағыттарының бірі жастар тәжірибесін ұйымдастырып, оны өткізу болып табылады. Облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша, 2010 жылы осы жоспарға сәйкес 1 025 адам тіркеліп, республикалық бюджеттен 123 миллион теңге бөлінген. Маусымның 1-індегі жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 13,2 миллион теңгесі немесе қаңтар-мамыр айларына арналған жоспардың 100 пайызы орындалған.

Осы жылдың басынан бері Жол картасына сәйкес облыстағы 167 кәсіпорын және ұйымдармен келісім жасаған.

Соңғы жаңалықтар