Солтүстік Қазақстан облысында жолдар ашылды - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жолдар ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысында төмендегі жол учаскелерінде көлік қатынасы қайта жанданды:

- «Көкшетау-Рузаевка» автожолының «Рузаевка ауылынан Ақмола облысы шекарасы» учаскесінде (Көкшетау қаласы қарай) (61-196 км);

- «РФ шекарасы (Екатеринбург) - Алматы» автожолының «Қостанай облысының шекарасы (Сарыкөл ауылына қарай) - Ақмола облысының шекарасы» (Жаксы ауылына қарай) учаскесінде (729-856 км);

- «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолының «Сергеевка ауылы - Ақмола облысының шекарасы» (Есіл ауылына қарай) учаскесінде (595-719 км);

- «Мамлютка-Қостанай» автожолының «Мамлютка ауылы - Қостанай облысының шекарасы» (Троебратский ауылына қарай) учаскесінде (0-180 км).

Соңғы жаңалықтар