Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаттары болды

ТРОПАВЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Самат Ескендіров, Анатолий Башмаков және Қуаныш Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды. Солтүстікқазақстандықтармен кездесулер барысында еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері туралы сөз қозғалды.
None
None

Петропавлда сенаторлар мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов № 17 ұлттық түлеу орта мектеп-кешеніне кіріп шықты. Бұл оқу орнында 200 оқушы 11 ұлттық бөлімде білім алады. Қонақтарға мұндағы балалардың мемлекеттік, орыс тілдерінде, сондай-ақ өздерінің туған тілдерінде, атап айтқанда: украин, армян, белорус, поляк және өзге де тілдерде білім алып, түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін оқитыны айтылды.

Қонақтар мектепте орналасқан бейбітшілік және келісім мұражайында болды. Бұл жерде мектептің әрбір ұлттық бөлімі туралы ақпарат жиналып, Қазақстанда көпұлтты бір отбасындай тату-тәтті тұратын әр түрлі ұлттардың достығы мен келісімін паш ететін материалдар ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар