18:12, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысындағы 64 мешіт тіркеуден өтті
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы 8 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, облыстық орталық мешіттің бас имамы Қасымхан Исаев Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері департаментінің директоры Нұрислам Ғабдулинмен кездесті.

ҚР Дін істері агенттігінің мәліметінше, кездесуде өкіл имам облыстағы 25 мешіттің жергілікті Әділет департаментінде есептік қайта тіркеуден өтіп, 39 мешіттің жаңадан тіркелгендігін хабарлады.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы 64 мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары ретінде тіркеуден өтті.