18:29, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысының агроқұрылымдары көктемгі егіс науқанын аяқтап келеді
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны аяқталып келеді. Маусымның 1-іне дейін аймақтың агроқұрылымдары 3 миллион 743 мың гектар алқапқа егін салды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, дәнді дақылдар 3 миллион 323 мың гектарға, майлы дақылдар - күнбағыс пен рапс - 420 мың гектарға орналастырылды.
Картоп отырғызу аяқталды. Биылғы жылы ол 27 мың гектарға егілді. Сондай-ақ көпжылдық азықтық дақылдар мен жүгері егу де аяқталды. Көктемгі далалық жұмыстарда Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың шаруашылықтары алды келеді.
Енді екі-үш күннен кейін солтүстікқазақстандық диқандар дәнді дақылдар себуді толық аяқтап шығады.