Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында диірмен кешені іске қосылды

Облыс әкімі Серік Біләлов жұмыс сапары барысында жаңа өндірістік нысанды іске қосу рәсіміне қатысты.
Диірмен кешені ұн тартумен айналысатын болады, кешеннің өңдеу жөніндегі жобалық қуаты тәулігіне - 35 мың тоннаны құрайтын болады, ол тәулігіне 120 тонна ұн тартатын болады. Өндіріс түріктің жаңа жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақталған.
Владислав Азрапкин басшылық ететін «АЗКО» серіктестігі 2000 жылы бұрынғы құрылыс-монтаж кәсіпорнының базасында құрылған. Серіктестік жоғары және бірінші сұрыпты ұнмен қатар, манна жармасын да өндіреді. Кәсіпорын құрылғалы бері мұнда теміржол тұйығы жөндеуден өткізілді, тәулігіне 1500 тонна тазалап, вагондарға тиейтін кешен құрылды. Мұнай базасы салынды. 2003 жылдың басында күнбағыс майын өндіретін жабдық сатып алып, іске қосылды. Сонымен қатар, макарон өнімдерін шығаратын қондырғы да іске қосылды. Қазіргі таңда зауыт оттегі өндіру зауытын іске қосуға әзір. Серіктестікте 100 адам жұмыс істейді. Диірмен кешенін іске қосудың арқасында, қосымша 30 жұмыс орны құрылып отыр.