Солтүстік Қазақстан облысының Медициналық колледжі 80 жылдық мерейтойын атап өтуде

ПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының Медициналық колледжі 80 жылдық мерейтойын атап өтуде.
None
None

Өткен бейсенбі күні медициналық оқу орнының акт залында облыс әкімі Серік Біләловтың қатысуымен салтанатты шара болды. Оған еңбек ардагерлері, қазіргі ұстаздар, студенттер мен қонақтар қатысты.

Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген өңір басшысы: «Сіздерді көне оқу орындарының бірі - Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында азаматтардың денсаулығын сақтау - негізгі басымдықтардың бірі болып белгіленген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында медицина қызметін жақсартуға ерекше көңіл бөлді. Осы жылдары білім шаңырағынан шыққан мыңдаған медицина қызметкерлері еліміздің барлық аумағында игілікті іс атқаруда»,- деп атап өтті.

80 жылдың ішінде бұл білім ошағы 18 мың маманды даярлап шығарды. Осы орайда «дипломмен ауылға» бағдарламасының маңызы зор. Осы жоба аясында 2010 жылы денсаулық саласының 36 жас маманы ауылдарға жұмысқа орналасты. Олардың 20-сы бюджеттік кредитке ие болды.

Жиын барысында марапаттау рәсімі өтті. Колледжге өңір басшысы ВАЗ 2107 автокөлігінің кілтін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар