Солтүстік Қазақстанда «Ақбидай-2009» жазғы спорттық мерекесі басталды

ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан  облысының Ақжар  ауданындағы  Смирново  кентінде    өткен жұма күні аймақтық  «Ақбидай-2009»    спорттық мерекесінің салтанатты ашылуы болды, 
None
None

деп   хабарлайды ҚазАқпарат   тілшісі.

Бұл жарыс XIII   облыстық   халық спорты   ойындары  аясында  өтуде.   Оған     облыстың барлық  аудандарынан  командалар  қатысуда.   Жарыстың    алдында   аудандық командалар  мен  спорт  ардагерлерінің шеруімен басталған    үлкен спорттық-көркемдік мереке    өтті.

Мерекеге  қатысушылардың  алдында сөз сөйлеген  облыс әкімі Серік Біләлов   аймақта   дене  шынықтыру мен  спортты  дамытуға үлкен    назар  аударылып  отырғанын,  ал  көптеген солтүстікқазақстандық  спортшылардың есімдері тек  республикаға ғана емес,  әлемге танымал  екенін атап көрсетті. Спортшылар   республикалық және   халықаралық  сахналарда   жеңіске  жете отырып,  Қазақстанның  және   облыстық беделін  арттыруға  үлкен үлес қосуда.

Жарыстың  жалауын  көтеру  құқығы    спорт  ардагері   Олег  Гаврикке  берілді, одан кейін   Паралимпиадалық   ойындардың  қатысушысы,     ҚР спорт шебері  Сергей Усольцев   жарыс алауын    баскетболшы   Сергей Драгинге  ұстатып,    ол өз  кезегінде   ауыл спорты  мерекесінің  алауын  жақты.        Мерекенің концерттік  бөлігінде    спорттық ұжымдар  мен     көркемөнерпаздар   ұжымдары өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар