Солтүстік Қазақстанда әрбір төртінші ірі кәсіпорынды әйел басқарады

СҚО статистика департаментінің мәліметінше, өңірде 34 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелсе, 29 мыңы табысты жұмыс істеп жатыр. Онда 100 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Әр шағын кәсіпорынның үшіншісін, орта және ірі кәсіпорынның әрбір төртіншісін бүгінде қыз-келіншектер басқарады. Яғни облыстағы кәсіпкерлердің 45,7% - әйелдер.
Әйелдердің кәсібі - 81,3% білім саласына қатысты болса, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету - 67,5%-бен екінші орында тұр.
Сондай-ақ қыз-келіншектер қоғамдық тамақтану орындарын ашып, көтерме және бөлшек сауда, автомобиль және мотоцикл жөндеумен айналысады, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша да қызмет көрсетеді екен.
Ал әйелдердің 26,7 % заңды тұлға ретінде еңбек етіп жатыр. Оның - 61,1% білім саласында, 43,3% - қаржы және сақтандыру қызметінде, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде және өнер, ойын-сауық және демалыс орындарында жұмыс істейді.