11:29, 07 Қаңтар 2010 | GMT +5
Солтүстік Қазақстанда демалыс күндері күн суытып отыр
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Жаңа жылдың алғашқы күндері Солтүстік Қазақстанда аязды және қарлы болып отыр,

сондай-ақ қатты жел тұруда. Рождество мерекесі қарсаңында аяздың беті қайтқандай болғанымен, бүгін қайтадан күн суытып, сары аяз келіп қалды.
Солтүстікқазақстандық синоптиктердің мәліметтері бойынша, Рождество Сочельнигі күні, қаңтардың 6-сында аймақта қар жауды, боран болды, шығыстан секундына 15 метр жылдамдықпен жел соқты. Күндіз және түнде ауа температурасы 18-13, кей жерлерде 15 градус аязды шамалады. Ал қаңтардың 7-8-і күндері күн суытып, температура түнде 25-30, кей жерлерде 33 градус аязға жетеді, күндізгі ауа райы 20-25 градус болады деп күтілуде.