Солтүстік Қазақстанда құрғақшылыққа төзімді бидай сорты өсіріледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жаңа бидай сортының сынақтан өтуі туралы облыстық әкімдікте ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының бас агрономы Елена Федоренко айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Е.Федоренко егіс алқаптарын әртараптандырудың өсуімен жаздық бидайдың күшті және құнды сорттарын құрудың өзектілігі артып отырғанын атап өтті. Сорт жоғары өнімді, сапалы және ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы тиіс.
«Селекциялық жұмыстар 2015 жылы басталды. Өткен жылы станция сынақ үшін жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сортын берді. Ол 3 жыл бойы сынақтан өтеді. Алдағы уақытта облысымызда өсірілуі мүмкін»,-деп мәлімдеді Е.Федоренко.
Маманның айтуынша, сорт орташа топқа жатады, вегетациялық кезең 80-85 күнді құрайды, 3 жылғы сынақ бойынша орташа өнімділік гектарына 27,7 центнерді құрады, дән маңызының құрамы-28,4%.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловты солтүстікқазақстандық агроқұрылымдардың аталмыш бидай сортын қай уақытта пайдалана алатындығы қызықтырды. Е.Федоренко 3 жылдан кейін жүзеге асыруға болатынын айтты.
«Жұмыс жеделдігін арттыру керек. Бидай сорттары көп болуы тиіс. Ғылым белсенді түрде жүзеге асырылуы керек. Атырау облысында былтырғы жылы гектарына 62 центнер өнім алғанбыз. Өнімділік көрсеткіші осылай болуы керек», - деді аймақ басшысы.