Солтүстік Қазақстанда «Мигрант» операциясы барысында 177 шетелдік жауапкершілікке тартылды

ПЕТРОПАВЛ.  Шілденің 10-ы.  ҚазАқпарат /Сергей  Кузнецов/ -    Шілденің  8-інен бері Солтүстік Қазақстан  облысында  «Мигрант»  операциясы    жүріп жатыр.     Бұл   шараның  негізгі міндеті -   Қазақстан  Республикасына заңсыз  келуші  тұлғаларды  бақылауды күшейту  және    заңсыз  миграция арналарын жабу, 
None
None

  деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Операцияның    бірінші күні   Петропавл вокзалында Ресейден  оңтүстік  өңірге   транзитпен  кетіп   бара жатқан    жолаушылардың  құжаттарын тексеру  барысында  Өзбекстанның   22 жастағы азаматы  ұсталды.    Әлгінің  қолында    төлқұжаттың тек ксерокөшірмесі ғана  болған.

 Жігіттің  айтуынша,  ол  Санкт-Петерборда  құрылыста жұмыс істеген,  құжаттарын жоғалтып алған, енді   еліне - Өзбекстанға қайтып бара жатқан.  «Бұл факті  бойынша   «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы»   ҚР Кодексінің  394-ші бабы  бойынша материал  жиналып,   іс   Петропавл  қаласының   мамандандырылған  әкімшілік сотына  жөнелтілді.   Сот шешімімен әлгі  жігіт  Қазақстанның аумағынан  шығарып жіберілді,  дейді    Солтүстік Қазақстан  облысы  Ішкі істер департаментінің  көші-қон полициясы басқармасының бастығы  полиция подполковнигі    Есенгелді Құлмағамбетов.

 Көші-қон полициясы      вокзалдарды,  базарларды  ерекше  назарда ұстап отыр,    транзиттік көліктер де  тексерілуде.   Операцияның  бірінші  күні  облыс бойынша  177 шетелдік    Қазақстан  Республикасында жүріп-тұру ережесін бұзғаны үшін  әкімшілік  жауапкершілікке тартылды.  «Мигрант» операциясы  жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар