14:19, 15 Қаңтар 2011 | GMT +5
Солтүстік Қазақстанда өткен екі жылда «Даму» қоры арқылы 495 жоба қаржыландырылды
ПЕТРОПАВЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстанда «Даму» қоры арқылы өткен екі жылда шағын және орта бизнестің 495 жобасы қаржыландырылды,

деп хабарлады қор филиалының баспасөз қызметінен.
Солтүстік Қазақстанда «Даму» қоры арқылы іс жүзінде берілген несиенің жалпы сомасы 16,7 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл қаражатқа шағын және орта бизнестің 495 жобасы қаржыландырылды және 816 жұмыс орны құрылды. «Даму» қорының жергілікті филиалы 2011 жылға осындай жетістіктермен келіп отыр.
«Даму» қорының ұстанып отырған негізгі бағыты - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын және «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсету болып табылады.