Солтүстік Қазақстанда шілде ыстық болады, жауын-шашын мөлшері қалыпты жағдайда

ПЕТРОПАВЛ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда шілде айында ауа райының ысуы күтілуде, бұл ретте жауын-шашын мөлшері қалыпты жағдайда болады.
None
None

Облыстық гидрометеорология орталығының мәліметтерінше, шілденің бірінші онкүндігінде ауа температурасының күндіз 22-27 градус аралығында, түнде 10-15 градус ыстыққа дейін ауытқуы күтілуде. Екінші онкүндікте ауаның температурасы күндіз 29-34 градус ыстықты көрсетеді.

Үшінді онкүндікте түнде 8-13 градус, кейбір жерлерде 3 градустан 13-18 грудасқа дейін жылы болады. Күндіз ауа райы 23-28, кейбір жерлерде 18-ден 28-33 градусқа дейін ауытқиды. Кейбір жерлерде 23 градус жылылықты көрсетеді.

Көпжылғы бақылаудың мәлеметтерінше, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ең ыстық шілде күні 1940 жылы тіркелді. Онда 15 шілде күні термометр көрсеткіші 40,5 градусқа дейін көтерілген.

Соңғы жаңалықтар