Солтүстік Қазақстанда соғыстың 15 ардагері ғана қалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Жеңіс күні Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлерімен қатар оларға теңестірілгендерге, тыл еңбеккерлеріне де сый-құрмет көрсетіледі. Ардагерлер тұратын аулаларда концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, жәрдемақы берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұлы Жеңістің 77 жылдығын СҚО-да биыл 15 ардагер ғана қарсы алмақ. Оның екеуі аудандарда тұрады. Қатары сиреген майдангерлердің ең жасы қазір 95-97-де.

«Қарттарымыздың 99 %-ы өздігінен жүріп-тұра алмайды. Осыған байланысты 9 мамырда ардагерлермен кездесу форматы биыл да өзгеше өтеді. Бұрын, әрине, алаңда жинайтынбыз, ол кезде майдангерлеріміз жас болды. Соңғы екі жыл бойы індетке байланысты біз қарттарымызды үйлеріне барып құттықтап жүрдік, олар тұратын үй аулаларында, терезелерінің түбінде концерттік бағдарлама ұйымдастырдық. Биыл да қалыптасқан осы дәстүрді жалғастырмақпыз. Қазіргі уақытта дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Биыл да Ұлы Отан соғысының әр қатысушысына 1 млн теңге сыйақы беру туралы шешім қабылдады.

Соғысқа қатысы бар басқалар да – ҰОС ардагерлерінің жесірлері, блокадада және концлагерьде болғандар ұмыт қалмайды, оларға да бірретік материалдық төлем жасалады.

«7-9 мамырға мерекелік бағдарлама бар. Биыл шеру болмайды, бірақ ардагерлердің құрметіне ескерткіштерге, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоямыз. Петропавлда ғана 400-ден астам тыл еңбеккері бар. Олардың да жасы келген, 80-нен асқандар. Биыл оларға ерекше көңіл бөлінеді. Соғыс кезінде награда алған тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңге, қалған тыл еңбеккерлеріне 15 мың теңгеден жәрдемақы беріледі», - дейді Ескендір Елеусізов.

Соңғы жаңалықтар