Солтүстік Қазақстанда төрт инновациялық жоба жүзеге асырылуда

РОПАВЛ.  Қыркүйектің 3-і.  ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Елдің Индустриялық-инновациялық даму  стратегиясын   жүзеге асыру  аясында  Солтүстік-Қазақстан  облысының 2007-2010  жылдарға арналған  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасының  негізгі бағыттарына  сәйкес  ағымдағы  жылы      жалпы сомасы  429,1 миллион теңге соманың    төрт    инвестициялық  жобасы  жүзеге асырылды.
None
None

Облыстық     кәсіпкерлік  және   өнеркәсіп басқармасының  мәліметтеріне сүйенсек, «Даму-аймақ»    мемлекеттік    бюджеттік  бағдарламасы  бойынша  шағын және орта  бизнесті  қаржылай  қолдаудың аясында  «Жедел  тұрғызылатын   ғимараттар  мен  құрылыстар  зауыты»  ЖШС  «Металл  құрылғылары  өндірісі»   жобасын  жүзеге асырды.

 «Петропавл құрылыс  материалдары   зауыты»  ЖШС   ағымдағы  жылы    диаметрі 110-125 мм және 315-630 мм   полиэтилен    құбырлар  мен   құрылымдық   оқшаулағыш  панельдердің    өндірісінің  үш желісін іске  қосты.   Бұл жоба    ағымдағы жылы   шілденің  3-інде   өткен   елді  жедел индустриялық-инновациялық   дамытудың  жоспарына арналған  бейнеконференцияда   Елбасына  таныстырылған  болатын.

 Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан  облысында жалпы сомасы  6,5 миллиард  теңге  соманың    алты аймақтық  индустриялық-инновациялық  жобасы   жүзеге  асырылуда.

Соңғы жаңалықтар