Солтүстік Қазақстанның аграршыларына ауыл шаруашылығы өндірісінің сапалы әлеуетін белсенді дамыту қажет - Н. Назарбаев

 ПЕТРОПАВЛ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді. Мемлекет басшысының жұмыс сапарының бірінші нысаны ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын Қызылжар ауданындағы «СК-Вагулинское» ЖШС болды.  
None
None

Президент егін жинау жұмыстарының барысымен танысып, аграршылармен әңгімелесті. Облыстағы агроқұрылымдардың басшылары Президентті ағымдағы егін ору науқанының барысымен таныстырып, жалпы алғанда, ауа райының қолайсыздығына және жаздың құрғақ болуына байланысты өңірде егін шығымы өткен жылға қарағанда төмен болғандығын атап өтті. Дегенмен, биыл ашық күн райы көп болғандықтан, астықтың сапасы жақсы. Осы көрсеткішпен бидайдың орташа балуызы 30 пайызды құрайды.

Шаруалар Мемлекет басшысына көктемгі егін жұмыстарын субсидиялау, гербицидтерді, минералды тыңайтқыштарды сатып алу бағытында ауылшаруашылық құрылымдарына көрсетіліп отырған үлкен көмек үшін алғыстарын айтты.

Әңгіме барысында сондай-ақ, соңғы жылдары шаруа қожалықтарында көліктік-трактор паркін жаңарту үрдісі жалғасып жатқандығы, жоғары технологиялы жаңа заманауи егін кешендері мен комбайндардың үлкен көлемі сатып алынғандығы атап өтілді.

Мемлекет басшысы: «Қарап тұрсам, көңілдеріңіз көтеріңкі. Облыста астық өндірісі жақсы дамуда, мал шаруашылығын дамыту жалғасуда. Сіздер алға жылжудасыздар, біздің еліміз алға жылжуда, индустрияландыру және басқа да мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда», - деп атап өтті.  

Елбасы солтүстікқазақстандықтарға астықтың экспорттық әлеуетін, мал шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеуді дамытуды тапсырды. Ол үшін мемлекетте қажетті жағдай жасалуда, бұл мәселеде Кеден одағы да оң ықпал етуде.

Әңгіме барысында ауыл еңбеккерлері Елбасына экономиканың аграрлық секторын дамытуға бөліп отырған назары үшін ризашылықтарын білдірді, оған зор денсаулық, амандық тілеп, Қазақстанды дамыту бойынша үлкен жұмыстар үшін алғыс сөздерін жеткізді.

ЖШС-ның атқарушы директоры - Мәди Ибраев. Биылғы жылы бұл жерде 8 мың гектар алқапқа астық егілді, көктемгі егіс және ору жұмыстары үшін 2 млн. 360 мың теңге көлемінде мемлекеттік субсидиялар бөлінді. Өткен жылы дәнді дақылдардың шығымы гектарына 33 центнерден айналды , биыл - гектарына 28 центнерден асады.

«СК-Вагулинское» ЖШС-да болғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен оған ілесіп жүрген тұлғалар Петропавлдағы «Сүтөнімі» ЖШС-ға аттанды.

Соңғы жаңалықтар