Солтүстік Корея алғаш рет сыра фестивалін ұйымдастырды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхеньянда КХДР тарихында тұңғыш рет сыра фестивалі ұйымдастырылды. Бұл жөнінде қытайлық CCTV+ телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, фестиваль Тэдонган өзені маңында өзен құрметіне аталған Taedonggang жергілікті сыра өндірушілерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Сыра тек қана Солтүстік Кореяда сатылады және аз партиямен Қытайға экспортталады.
Фестивальдің ашылу рәсімінде қоғамдық қызметтер бас бюросының директоры Чхве Ён Нам (Choe Yong Nam) фестивальдің «халыққа қызмет көрсетуге бағытталған ең үздік социалистік жүйенің өміршеңдігін көрсететін» маңызды шара екенін мәлімдеді.