Солтүстік Корея ядролық соққы жасаған жағдайда қанша адам мерт болатындығы аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның Сеул және Токиоға ядролық соққысы екі миллионнан астам адамның қазасына әкеп соғуы мүмкін. 

Солтүстік Корея  ядролық соққы жасаған жағдайда қанша адам мерт болатындығы аталды

Мұндай мәліметтерді КХДР-дағы жағдайды сараптауға маманданған 38 North сайты келтіреді.

Сарапшылар бұл болжамға Пхеньянның баллистикалық зымырандарға арналған 25 ядролық оқтұмсықтарға ие екендігін және олардың бәрін бір уақытта Оңтүстік Корея мен Жапонияға қарсы пайдаланатынын негізге алып отыр. Оқтұмсықтардың қуаттылығы да анықталды - 15-тен 250 килотоннаға дейін.