«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр желісінің құрылысын 2018 жылы толық аяқтау жоспарлануда - Қ. Бозымбаев

Жобаның жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайды деп көрсетілген.
Бұл жоба әлеуметтік маңызға ие екеніне тоқталған ол, желінің құрылысы кезінде жұмыс орындары құрылатындығын, осы орайда 1,8 мыңға тарта адам жұмысқа тартылатындығын атап өтті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1500 шақырымдық «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жоғары вольтті желі тартылады. Ол жоба 2018 жылы аяқталады. Оның салынуы оңтүстік өңірлердің соңғы кезде электр энергиясына өсіп отырған сұранысын өтеуге мүмкіндік береді», - деді министр.
«Еліміздің шекті тарифтік бағдарламасы табысты іске асты. Нәтижесінде электр қуатын өндіретін компаниялар мол энергия қорын қалыптастырды. Бұл сала 2025 жылға дейін ел экономикасын электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Сондықтан біз электр энергиясының тарифі мен баға белгілеу мәселесін терең талдадық. Елбасының тапсырысымен электр энергиясын тасымалдайтын компанияларды ірілендіру жұмысын бастайтын боламыз», - деп атап өтті Қ. Бозымбаев.