20:26, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Солтүстікқазақстандық журналист «Voike of Freedom Central Asia» халықаралық журналистика орталығы конкурсының жеңімпазы атанды
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Петропавл қалалық «Добрый вечер» газетінің тілшісі Елена Бережная «Voike of Freedom Central Asia» халықаралық журналистика орталығы конкурсының жеңімпазы атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ол «Voike of Freedom Central Asia» («Орталық Азияның азаттық дауысы») жобасын іске асыру аясында жарияланды және жыл сайын желтоқсанның 10-ында ? Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясының қабылданған күні атап өтілетін Халықаралық адам құқығы күніне арналған болатын. «Солтүстік Қазақстанның орта мектебі» деп аталатын республикалық журналда жұмыс істеген Елена Бережная «Мектеп ? заңның аумағы» деп аталатын мақала жариялап, балалар құқығын қорғаудың көкейкесті мәселелерін көтерген болатын.Осы конкурста екінші сыйлық ? тараздық «Стайер» газетінің тілшісі Владимир Барановскийге, үшінші сыйлық ? тәжікстандық Мансур Сатаров пен қазақстандық Антон Досыбаевқа берілді.