Солтүстікқазақстандықтар Астана күнін қалай атап өтті?
Қазақстанның бас қаласының туған күнiмен солтүстiкқазақстандықтарды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов құттықтады. Өңiр басшысы өз сөзiнде жаңа астананы құру тәуелсiз мемлекетiмiздiң тарихындағы жаңа дәуiрдiң бастамасы болды дедi.
«Бүгiн 18 жасқа толып отырған Астана экономика мен мәдениет орталығына айналған. Күн санап көркейiп, дамып келе жатқан елордамыздың алда әлi талай ауқымды жобалары мен жетiстiктерi бар. Оны жүзеге асыру жолында әрбiр қазақстандық өз үлесiн қосуы керек», - дедi Ерiк Хамзаұлы.
Бұл күнi 30-ға жуық әр түрлi кәсiп өкiлдерi еңбектерi үшiн лайықты марапатталды.
Өңiр басшысының мерекеге орай табыстаған Құрмет грамотасына облыстың экономикалық-саяси дамуына қосқан үлесi үшiн 19 солтүстiкқазақстандық ие болса, тағы 11-i алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, Петропавл қаласында Астана күнiне орай мерекелiк сауда, «Менiң елордамның символы» атты қолөнер шеберлерiнiң конкурсы, гүл фестивалi, веложарыс және т.б қызықты iс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұдан өзге аталмыш мереке шеңберiнде облыс және аудан аумақтарында бiрқатар әлеуметтiк-мәдени маңызы бар жаңа нысандар ашылды.
Ал, мейрам күнiн «Солтүстiк жұлдыз» саябағындағы мерекелiк отшашу аяқтайтын болады.
Өңiр аудандары Астанаға қарап бой түзеп келедi. 24 жасар кәсiпкер Таштан Таштанов мынау кiшiгiрiм наубайхананы өз қаражатына ашыпты. Бастапқыда 6 адамды жұмысқа алып, күнiне 500 нан пiсiрмекшi. Келешекте сұраныс артып жатса, өндiрiс қуатын арттырамын дейдi. Негiзi Мамлютка қаласында бұдан басқа 3 наубайхана бар. Бiрақ Таштан Таштанов оларға бәсекелестiк туғыза алатынына сенiмдi.
Таштан Таштанов - жеке кәсiпкер:
- Цехта нан өнiмдерiнiң 15 аталымын пiсiремiз. Келешекте конкурсқа қатысып, ауданның барлық ауылдарын өз өнiмiмiзбен қамту жоспарда бар. Мұндағы пеш тағы да басқа қондырғыларды өз қаржыма сатып алдым. Iсiм табысты болса, мемлекет қолдауына жүгiнiп, заманауи қондырғыларды сатып аламын.
Астана күнi қарсаңында Мамлютка қаласында Чернобыль апатынның зардабын жоюға қатысқандардың құрметiне арналып тас орнатылды. Келесi жылы дәл осы жерге ескерткiш жайғастырылады. Оны аудандық ардагерлер кеңесi қарттар мен мүгедектердi қолдау айлығы мен жеңiс мерекесiнде жиналған қаражат есебiнен тұрғызбақшы.
Спандияр Калиев - Чернобыль апатынның зардабын жоюға қатысушы:
- Өскелең ұрпақ Чернобыль апаты жайлы бiлу керек деп есептеймiн. Мұндай апат елiмiзде, әлемде қайталанбасын.
Чернобыль апатынның зардабын жоюға қатысқандардың қатары жыл санап сиреп барады. 80-жылдардағы алапат апатты ұрпақ жадында қалдыру үшiн ескерткiш керек.
Астана күнiне орай Айыртау ауданында бiрнеше нысан ашылды. Бұл - Саумалкөл ауылындағы газобетонды блоктар өндiретiн зауыт. Кәсiпорын жұмысын жақында ғана бастады. Ал оның салтанатты ашылуы дәл Астана күнiне орайластырылған.
Ағзам Тастемiров:
- Бiздiң ауылдағы осынау өнiдiрiс ошағы дәл Астана күнi ашылып отыр. Ерекше датада таспасын кесiп отырмыз.
Таспа қиылды. Ендi айыртаулықтар газобетонды блоктардың өндiрiс үрдiсiмен танысуда. Мұндағы құрылғылардың барлығы заманауи - толығымен компьютерленген. Соның арқасында бұл жерде күнiне 30 текше метр газобетон шығарылады.
Азамат Салпықов:
- Цехтың бой көтеруiне 20 млн теңге ақша жұмсадық. Бәрi өз қаражатымыз. Кәсiпорын күнiне 30 текше метр газобетон шығаруға қауқарлы.
Айту керек, бiр текшеде 28 блок бар. Әрқайсысы 600 теңгеден саудаланады. Оның бiреуiн дайындауға шамамен 15 минут уақыт кетедi екен.
Мирболат Раев:
- Ауданның тасы жоғары домалайды. Әрi тұрғындарға жұмыс табылды.
Ал мынау жаңадан ендi ашылған «Алина» дүкенi. Мұнда халық тұтынатын тауарлар саудаланбақ. Бұл жерге 5 адам жұмысқа қабылданады деп жоспарланып отыр.
Өз қаражаты есебiнен кәсiбiн бастаған тағы бiр айыртаулық ол - Идрис Мергалгалиев. Имантау ауылында «Жанель» атты супермаркет ашқан.
Сауда алаңы үлкен. Мұнда үйге керектiнiң бәрiн табуға болады. Азық-түлiк пен химиялық заттардың түр-түрi бар. Жоба құны - 25 млн теңге.
Айыртау ауданы өңiрде туризм саласымен де ерекшеленедi. Жыл сайын мұнда жаңа демалыс орындары ашылып тұрады. Соның бiрi -«Азиат». Рахия Байтенова бұл орынды «Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында тұрғызған. Нәзiкжанды 5 жылға 6 млн теңге көлемiнде несие рәсiмдептi.
Айту керек, өткен жылы Айыртау ауданының демалыс орындарына шамамен 30 мың адам келiптi.
Елена Авдеюк:
- Бүгiн менiң мұндағы бiрiншi күнiм. Орталықта жасалған жағдай керемет. Маған ұнап жатыр. Табиғаты сұлу. Келер жылы да осында демалатын боламын.
Бұл ауданда балалар демаласына да көп көңiл бөлiнедi. Мәселен, мынау «Салтанат» сауықтыру орталығы. Мұнда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервiнiң республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжiнiң тәрбиеленушiлерi келедi. Лагерь шамамен 4 жыл жұмыс iстеп тұр.
Мәлiк Сапашев:
- Табиғаты әсем, сұлу ауданда көптеген демалыс орындары бар. Әсiресе балаларға арналған ойын-сауық лагерлерiнiң молшылығы қуантады.
Айту керек, мұнда балалар барлығы 3 кезеңмен демалады.
Самат Бегiмбаев:
- Барлық техникалық базамен таныстық. Балаларға жақсы жағдай жасалған, барлығы жеткiлiктi.
Сонымен қатар бұл күнi «Тәуелсiздiк» деп аталатын стадион да ашылды. Оның құрылысына аудан бюджетiнен 4 млн теңге жұмсалған. Ал аудан кәсiпкерлерi көмек есебiнде 1 млн теңгеден астам қаражат бөлiптi.
Қажығали Бадымов:
- Барлық өңiрдiң түкпiр-түкпiрiнен спортшылар келедi. 10-нан артық спорт түрiнен бақ сынасатын болады. Шын мықтыларды iрiктеп жатырмыз.
Еске сала кетейiк, «Ақ бидай-2016» ойындарының облыстық кезеңi шiлденiң ортасында Жамбыл ауданының Пресновка ауылында өтедi деп жоспарланған.
Петропавлдықтар Астана күнiн түрлi шаралармен атап өттi. Бас қаладағы маңызды ғимараттар, бұрынғы ескi көшелер мен олардың қазiргi кейiпi. Ашық аспан астына қойылған 4 стендке осы сынды 50-ден артық сурет жинақталған. Оның арасында архитектурасы бойынша әлемдегi президент резиденцияларының арасында үшiншi орын алған «Ақ орданың» орны ерекше.
Ал, келесi беттегi көрменi облыстық бейнелеу өнерi мұражайы ұйымдастырған. Мұның барлығы петропавлдық әуесқой суретшi Александр Листопаднийдiң картиналары. Кейiнгi жалдары Бас қалада тұрған автор уақытын әсем елорданы қыл қаламмен қағазға түсiруге арнапты. «Астана шетi» еңбегiнде жаңа бой көтерiп келе жатқан нысандар мен ескi үйлердi бейнелеген.
Александр Листопадний, суретшi:
- Менiң жастығымның қаласы. Сүйiктi қалам. Сондықтан Астанаға қатысты еңбектерiм өте көп. Онда барсам шабытым оянады. Ханшатыр, Бәйтерек сынды басты ғимраттардың сызбасын дайындаған архитекторлармен араластым. Бүгiн бұл ғимараттардың барлығы терихқа енiп үлгердi.
Қазақстан Конституциясы көшесiнiң басынан аяғына дейiн толған қара құрым халық. Олар әр жерде өткiзiлiп жатқан мерекелiк шараларды қызыға тамашалауда. Қолы iсмер петропавлдықтар орайлы сәттi пайланып жасаған бұйымдарын сатуда. Мерекелiк хенд-мэйге Борис Козлов өзiнiң қайың қабығынан жасаған бiрқатар дүниелерiн алып келiптi.
Борис Козлов, «Козлов» ЖК басшысы:
- Көрмеге киiз үй, шеңбер пiшiндес әйелдер бұйымына арналған сандықшалар әкелдiм. Бiреуiн әзiрлеуге 1 күн уақытым кетедi. Сағат, тарақ, айналар зор сұранысқа ие. Бәрiн қайыңның қабығынан жасаймын. Бұрын шикiзат әкелу үшiн орманға баратынмын. Қазiр ағаш цехынан аламыз.
Елордамыздың туған күнiне арналған мерекелiк шарада Астанының құрдасын да кездестiрдiк. Қазақ мектеп- гимназиясында бiлiм алатын Роза Тасымова Қазақстанның саяси-әкiмшiлiк орталығы Алматыдан Ақмолаға көшiрiлген жылы дүниеге келiптi. Бойжеткеннiң мақсаты биiк, арманы асқақ.
Роза Тасымова, Астананың құрдасы:
- Жақында мен де он сегiзге келемiн. Астананың құрдасы болғаныма қуаныштымын. Бiр жылдан кейiн мектеп бiтiрiп бас қалаға оқуға түсуге барамын. Архитектор-инженер мамандығын алып ондағы ғимраттарды тұрғызуға үлес қосқым келедi.
«Астана, саған ән арнаймын». Осындай атаумен өңiр өнерпаздары орталық алаңда концерттiк бағдарлама қоюда. Осынау күнi ұйымдастырылған шара - бастысы жиылған жұртышылықтың көңiлiнен шығуда. Олар жас қаланың алып шаһарға айналып, iргесi берiк болса екен деп тiлейдi.
Бүгiн Астана күнiн жалпы ел болып тойлауда. Кейiн iле-шала, шiлденiң оны күнi петропавлдықтар қала күнiн де атап өтпек.
Бас қаланың туған күнiнде бiрқатар солтүстiкқазақстандықтың еңбегi елендi. Еңсесiн биiк ұстаған Ару Астана - барша қазақстандықтың ортақ мақтанышы. Шаһардың туған күнiн атап өтуге, мерекелiк шараларға ортақтасуға қаланың күллi тұрғындары шыққандай. Бүгiнде өмiрiн, болашағын елордамен байланыстырғысы келмейтiн адам кемде-кем шығар. Қазақстанның жүрегi, арман қала - Астана сұлулығымен өзiне тартады да тұрады. Бiреулердiң онда бала-шағасы, туыстары тұрса, ендi бiрi сонда оқып, жұмыс iстеп, тұрғыны атануға ұмтылады.
- Астанада балаларым тұрады. Мемлекеттiк қызметте жұмыс iстейдi. Мен Астананы құрметтеймiн, мақтан етемiн.
- Астананың көркiне көз тоймайды. Әсем қала. Мен жылда сонда тұратын туыстарым мен достарыма барып тұрамын.
Бүлдiршiндердiң тәттi күлкiсi, көкте қалықтаған бейбiтшiлiк құсы, бақыттан жүздерi бал-бұл жадыраған адамдар. Осы көрiнiстiң бәрiн көрiп жүрегiңде келешекке деген сенiмдiлiк ұялап, кеудеңдi қуаныш кернейдi. Осыған ұқсас сезiмдi көпшiлiктiң ортасында жүрген ардагерлер, тыл еңбеккерлерi, зейнеткерлер мен өңiрдiң зиялы қауымы сезiнсе керек. Себебi аға буын өкiлдерi тарихтың күрделi де қиын кезеңдерiн басынан кешiрген.
Бүгiнгi мерекеге - табиғат ана да қуанышын бiлдiргендей. Аспан шайдай ашық, күн де жерлестерiмiзге молынан нұрын шашты. Мұны мерекеге жиналған қауымды елеулi күнмен құттықтау үшiн сахнаға көтерiлген облыс әкiмi де айтып өттi.
Ерiк Сұлтанов - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:
- Бүгiнде бас қаламызда келелi кеңестер өтедi. Барлық әлемге сәулетi келiскен шаһар ретiнде танылып келедi. Келер үшiн ЭКСПО - халықаралық көрмесiн өткiземiз. Бұл - бiз үшiн үлкен абырой, атақ.
Айтулы мерекеде бiрқатар азамат марапат пен қошеметке бөлендi.
Дмитрий Тё - СҚО кардиологиялық орталықтың рентген-хирург дәрiгерi:
- Мен соңғы жылдары жұмыс сапарымен Астанаға жиiрек баратын болдым. Бас шаһарымыз күнен-күнге көз iлеспес жылдамдықпен өсiп келе жатқандығын аңғарамын. Елордамызда ұлттық-ғылыми орталықтар, кардиохирургия ана мен бала, диагностикалық орталықтары сынды денсаулық сақтау саласының ауқымды кластерi қарқынды даму үстiнде. Қазiргi таңда елiмiздiң барлық дәрiгерлерi аталмыш орталықтарға барып, кәсiби бiлiктiлiгiн артырып отырады.
Осы күнi ерекше құрметке бөленген саясаткер, дәрiгер, ұстаз, кәсiпкер, әрбiрi - өз iсiнiң хас шеберi. Бәрi де қошеметке лайық, елiмiмiздiң нағыз елжанды азаматтары.
Жақан Нұрсейiтовтiң де еңбегi елендi. Ол күнде өңiр тұрғындарын Астана қаласына жолаушылар көлiгiмен тасымалдайды. Осы iспен 35 жыл айналысқан жүргiзушi жолдардың сапасы анағұрлым жақсарып, халықтың да Бас қалаға қатынауы жиiлегендiгiн айтады.
Жақан Нұрсейiтов - «Петропавл-NORD» ЖШС жүргiзiшiсi:
- Жолдар да, автобустар да жаңарып жатыр. Бұған жолаушылар және бiздер қуанамыз. Отанымыз гүлдене берсiн!.
Ал, Бекболат Сәрсембаев болса, бүтiн бiр аудан бюджетiнiң дұрыс игерiлуiн қадағалап, түрлi саланың мамандарына жалақы бөледi екен.
Археология профессоры Виктор Зайберттiң де айрықша еңбегiн айтпай кету мүмкiн емес. Профессор ежелгi Ботай қонысын бар әлемге танытып, жылқының алғаш қазақ жерiнде үйретiлгендiгiн дәлелдеп шықты.
Виктор Зайберт - археология профессоры, тарих ғылымдарының докторы:
- Айыртау ауданындағы Ботай қонысын 30 жылдан артық зерттеумен келемiн. Және барша әлемге жылқының қазақ жерiнен шықанын дәлелдеп жүрмiн. Жылқы мiнсең көлiк. Барша азамат соның iшiнде жаужүрек қазақ батырлары аттың көмегiмен ұлан ғайыр жердi жаудан қорғады.
Бүгiн орындалған би, айтылған ән де арман қала - Астанаға арналды. Өңiр өнерпаздары бас қалаға деген жүректерiндегi жылуды әнмен жеткiздi.
Петропавлда 6-шы шiлде күнi 14 сәби дүниеге келдi. 29 жастағы Айымгүл Тасымова шырт ұйқыда жатқан сәбиiнiң қылығына тояр емес. Бұл жас ананың осымен үшiншi баласы. Осы жолы ол өмiрге екi қыздан кейiн шекесi торсықтай ұл әкелiптi. Нәресте дүниеге 3 келi 60 грамм, бойы 55 см болып келген.
Айымгүл Тасымова - жас ана, Қызылжар ауданы:
- 6-сы күнi түңгi сағат 2 жарымда ауырып осында келдiм. Түскi сағат бiр жарымда ұл тудым. Бұған дейiн екi қызым болатын. Бұл жанұядағы көптен күткен ұлымыз. Нәрестем Астана күнi мен Ораза айтында туылған ұл болды. Өте қуаныштымын.
Айымгүл Тасымова әлi сәбиiне ат қоймапты. Жас ананың туған-туыстары нәрестенiң есiмiн Елбасына ұқсатып атауға кеңес берген.
Айымгүл Тасымова - жас ана, Қызылжар ауданы:
- Анам Айсұлтан деп қойындар дейт. Рамазан айы болғандықтан Рамазан қойыңдар дейтiндер бар. Мүмкiн Нұрсұлтан қоярмыз. Ауруханадан шыққаннан соң атын жолдасым екеумiз ақылдасып қоямыз.
Елiмiздiң бас шаһары Астананың туған күнi облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлiмiнде 14 сәби дүниеге келген. Оның 6-ауы ер, 8-i қыз бала. Бұл жас аналарды 3 акушер-гинеколог дәрiгер босандырыпты.
Айгерiм Садықова - Облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлiмiнiң акушер-гинеколог дәрiгерi:
- Бұл күн әдеттегiдей қарбаласпен өттi. Әйелдер Елбасымыздың туған күнi болғандықтан ерекше көңiл-күймен босанды. 14 әйел өмiрге сәби әкелдi. Оның екеуiн кесерь тiлiгi арқылы босандырдық.
Айта кеткен жөн, облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлiмiнде бiр тәулiкте шамамен 25 сәбиге дейiн дүниеге келедi. Жалпы, жыл басынан берi терiскейде 3609 бала өмiр есгiн ашыпты.
Сонымен бірге облыс орталығында Астананың туған күнiне орай жаңа субұрқақ ашылды. Конституция көшесi бойында қаулаған халық «Достық үйi» маңына жиналуда. Тұрғындардың барлығы жаңа субұрқақтың ашылу сәтiн көруге асық. Дегенмен де ұйымдастырушылар нысанды бiрден iске қоспады. Олар алаңда Астана күнiне арнап ән-жырдан шашу шашып, жиналғандардың көңiлiн көтердi.
Бұл субұрқақ - елордалық дизайнерлердiң туындысы. Тамаша нысанды шеберлер 1 жарым ай бойы тұрғызған. Архитектуралық құрылымның ұзындығы - 30, ел енi - 5 метр. Мұндай субұрқақ елiмiздiң тек екi қаласында - Астана мен Өскемен де ғана бар екен.
Нұрбай Баймамбетов - «Kaz deсor» ЖШС өкiлi, Астана қаласы:
- Конституция көшесiнде салынған бұл субұрқақ Астананың туған күнiне арналған. Жаңа нысан тұрғындардың көңiлдерiнен шығады деп ойлаймын. Архитектуралық құрылымның жұмысы әлi толық аяқталған жоқ. Бiздiң мамандар шiлде айының соңына дейiн субұрқақтың маңын көркейтумен айналысады. Алаң маңына орындықтар қоямыз. Және түрлi құстардың мүсiндерiн орнатамыз.
Мiне, көптен күткен сәт те келiп жеттi. Субұрқақ iске қосылып, маңайға ерекше көрiк бердi.
Тұрғындар ерекше үлгiдегi нысанды ұялы телефондарына түсiруде. Олардың барлығы қаламызда осындай тамаша субұрқақтың iске қосылғанына қуанышты.
- Өзiме субұрқақ қатты ұнады. Мен бұл нысан осындай әдемi болады деп ойламадым. Ендi қаламыз одан сайын құлпыра түседi.
Айта кеткен жөн, субұрқақта 200-ден аса жарық диотты шамдар мен жоғары қысымды 15 насос бар. Одан 6 түстi су 4 метр биiктiкке шапшиды.
Астана күнiнде Ақжар ауданынада бiрнеше әлеуметтiк нысандардың таспасы қиылды. Астананың туған күнiн ақжарлықтар да ерекше атап өттi. Аудан орталығында үздiк шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелiк бағдарлама әзiрленген. Салтанатты жиын барысында аудан басшысы Серiкпай Тұралинов ақжарлықтарды Елорданың 18 жылдығымен құттықтап, еңбегi еленгендердi марапаттады.
Серiкпай Тұралинов - Ақжар ауданының әкiмi:
- Елордасы Астана күнi баршамызға құтты болсын. Мереке күнi ауданымызда бiрқатар әлеуметтiк нысандар ашылып жатыр. Бұл игi iс.
Сондай-ақ, бұл күнi аудан орталығы Талшықта бiрнеше нысанның таспасы қиылды. «Ақ жол» ЖК-нiң жетекшiсi Руслан Махмедов ата кәсiптi бұрыннан қолға алған. Мереке күнi iскер азамат жаңа мал соятын қосынды iске қосты. Бұны ол өз қаражатына тұрғызыпты.
Руслан Махмедов - «Ақ жол» ЖК директоры, Ақжар ауданы:
- Мал сою орнында өзiмiздiң дәрiгерiмiз бар. Ол төрт-түлiктi тексерiп, арнайы құжатын бередi.
Ақжар ауданында жеке кәсiптi қолға алып, өз iсiн өрге домалатып отырған жандар жетерлiк. Мәселен, Бибiгүл Хасенова «Жақсы» ЖК жетекшiлiк етедi. Ендi нәзiк жанды елдiмекен тұрғындарына сапалы әрi арзан бағаға азық-түлiк сатпақ.
Бибiгүл Хасенова - «Жақсы» ЖК директоры, Ақжар ауданы:
- Алдағы уақытта жоспарым ауқымды. Кәсiбiмдi кеңейтемiн деген ниеттемiн.
Бибiгүл Хасенова болашақта мемлекеттiк бағдарламаға арқылы несие алып, кәсiбiн кеңейтудi жоспарлап отыр. Мереке күнi пайдалануға берiлген тағы бiр нысан - дәрiхана. Бұны iскер азаматша Нұрлығайын Байгереева жеке қаражатына салыпты. Елдi мекен тұрғындары әлеуметтiк нысандардың көптеп ашылып жатқанына қуанышты.
Серғазы Жұмабаев - зейнеткер, Ақжар ауданы:
- Аудан экономикасы дамып келедi. Мiне, дәрiхана, дүкен, мал соятын орын ашылды. Бұл тұрғындар үшiн өте қолайлы.
Жаңадан ашылған шағын және орта бизнес нысандары алдағы уақытта аудан экономикасының қарқынды дамуына тың серпiн бермек.