Солтүстікқазақстандықтар омбылықтармен ынтымақтастық туралы 8 меморандум жасасты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Омбы облысы губернаторының міндетін атқарушы Виктор Назаров басқарған делегация жұмыс сапарымен келді.
None
None

Солтүстікқазақстандықтар мен омбылық тараптардың кездесуінің қорытындысында 8 меморандумға қол қойылды.

Көршілес облыстар заманауи білім технологияларын енгізуде тәжірибе алмасып, спорттың олимпиадалық түрлерін дамытуда және таратуда ынтымақтасатын болады. Тамақ өнеркәсібі саласындағы шекаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық, компрессорлар жинақтайтын материалдардың бірлескен өндірісін құру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Омбыдан біздің өңірге азық-түлік қоспалары, ветеринариялық препараттар және зооветеринарлық бұйымдар жеткізіледі.

Омбы облысы делегацияларының сапары Жеңіс саябағында Жеңіс стеласында гүл шоқтарын қоюға жалғасты. Мұнда өңір басшылары екі көкшіл шырша отырғызып, құрметті қонақтар аллеясының негізін қалады.

Бұдан кейін Ерік Сұлтанов пен Виктор Назаров Петропавл ауыр машина жасау зауытында, «ТНС-Экспорт» ЖШС элеваторында және «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінің сүт зауытында болды.

Соңғы жаңалықтар