Солтүстікқазақстандықтар Украинадан келген босқын әйелге баласын мектепке даярлауға көмектесті

Биыл Максим Резвинский үшінші сыныпқа барады. Алайда ол отаны Украинада емес, Қазақстанда білім алатын болды. Максим, оның анасы Светлана және інісі Егордың Петропавлда тұрып жатқанына 2 ай болды.
"Отанымнан кеткім келмеді. Бірақ атыс-шабыстан қорықтық. Қазақстан халқы қонақжайлылығын танытты. Қолдау көрсетіп тұрады. Жағдай реттелгенде туған жерге қайтамыз деп үміттенеміз ", - деді украиналық босқын Светлана Резвинская.
Отағасы Украинада қалды. Максим де түбінде өз еліне бір оралатынына сенеді.
"Петропавл тамаша қала. Мен мұнша сыйлыққа кенелгенімен қуаныштымын! Жаңа мектепте кілең бестікке оқуға және жаңа достар табуға үімттенемін", - дейді Максим Резвинский.
Бұл отбасыға көмек «Мектепке жол» шарасы аясында көрсетілді. Светлана Резвинскаяның қолдау көрсеткен солтүстікқазақстандықтарға деген алғысы шексіз. 27 маусымда ол Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен. Бірақ бәрі сәтті шешілді. Ол уақытша тіркеуге тұрды. Айта кету керек, нәзік жанды 7 жыл Солтүстік Қазақстан облысында тұрған екен.
Әзірге Светлана Петропавлда пәтер жалдап тұрып жатыр. 4 жастағы баласы Егорды қалдыратын адам болмағандықтан, жұмысқа шыға алмайды. Оған Харьковтегі Оля есімді қызы көмектеседі. Жалпы, Светлана 4 баланың анасы.