22:02, 14 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысында құс фабрикасы өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін күндіз СҚО Якорь ауылында құс фабрикаларының бірінің аумағында конвейер таспасы жанып, өрт ғимараттың шатырына ауысты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ бірінші бөлімшелері оқиға орнына келгеннен кейін шатырдың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
— Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді, бұл өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кеткенін жазғанбыз.