Солтүстік Қазақстан облысының экосаяхат бағыттары: табиғатпен үндес маршруттар

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің табиғи және мәдени көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік беретін бірқатар экотуристік маршрут бар, деп хабарлайды Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

СҚО табиғаты
Фото: Туризм индустриясы комитеті

Бұл топтамаға жаяу, автобуспен және су арқылы өтетін бағыттар кіреді. Маршруттар әртүрлі ұзақтыққа және саяхат форматтарына бейімделген.

Бағыттар Айыртау ауданының көркем табиғаты арқылы өтіп, Имантау мен Шалқар көлдерінің жағалауын бойлай жалғасады. Сондай-ақ «Буян» шатқалын және таулы жоталарды қамтиды. Сондай-ақ Петропавл қаласындағы тарихи әрі мәдени нысандарды аралауды да қарастырады.

СҚО табиғаты
Фото: Туризм индустриясы комитеті

Экомаршруттар белсенді демалысқа, танымдық саяхатқа және өңірдің табиғи мұрасымен ұқыпты танысуға бағытталған. Олар табиғи ландшафттарды тамашалауға, тарихи орындарды көруге және Солтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуетін жақынырақ тануға мүмкіндік береді.

СҚО табиғаты
Фото: Туризм индустриясы комитеті

Топтамада қысқа қалалық серуендерден бастап, өңірдің табиғи аумақтарына жасалатын бір күндік сапарларға дейінгі әртүрлі ұзақтықтағы маршруттар ұсынылған.

СҚО табиғаты
Фото: Туризм индустриясы комитеті

Туристік бағыттар туралы толығырақ ақпаратты және өзекті мәліметтерді ресми @visitsko парақшасынан біле аласыз.

СҚО табиғаты
Фото: Туризм индустриясы комитеті

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар