Солтүстік Корея алғаш рет әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берді
АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Кореяда әйелдер автомектепке қабылданады. Ким Чен Ын билікке келгенге дейін оларға тек жол қозғалысын реттеуге рұқсат етілді және көлік жүргізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Daily NK.

Кейбір автомектеп Социалистік әйелдер одағының ұсынысы бойынша қазір әйелдерді оқыта бастады. Жүргізуші куәлігін алу үшін күту мерзімі 18 айға дейін созылуы мүмкін. Ресми мәлімдеме болмағанымен, бұл Ким Чен Ын тұсындағы сақтықпен жасалған қоғамдық-саяси ашықтық деп бағаланады.
Жол қозғалысы ережелерін жеңілдетудің алғашқы тұстары мемлекеттік баспасөзде де пайда болды. Мәселен, 2021 жылы Солтүстік Кореяның «Нодон Синмун» партиялық газетінде әкесінің жолын қуып, жүк көлігін жүргізуді үйренген жас келіншек туралы мақала жарияланған.
2012 жылы билікке келген Ким Чен Ын велоспортты ырықтандыруды мақұлдап үлгерген. Оның әкесі Ким Чен Ир 1996 жылы шенеуніктің қызымен болған қайғылы оқиғаны алға тартып, әйелдерге велосипед тебуге тыйым салған және «олардың былғары юбкалары назар аударады» деп алаңдаған. Ол кезде әйелдерге шалбар киюге де рұқсат етілмеген.
Қазіргі уақытта Пхеньяндағы әйелдер велосипедпен жүреді, ол қазір жалғыз көлік саналады. Шалбар киюге салынған тыйым да алынып тасталды, тіпті Ким Чен Ынның әйелі Ри Соль Джу да кейде шалбар киіп көпшілік алдына шығады.
Еске сала кетейік, Солтүстік Корея Bitcoin қоры бойынша әлемде үшінші орынға көтерілді.