Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Корея Жапон (Шығыс) теңізі бағытына кемінде бір белгісіз баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Kazinform Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

КНДР запустила баллистическую ракету
Фото: Kazinform

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Біріккен штабтар бастықтары комитеті (JCS) мәлім етті.

Жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:20-да жолданған хабарламаға сәйкес, зымыранның ұшырылғаны тіркелген, алайда қазіргі уақытта қосымша мәліметтер жарияланған жоқ.

Бұл Солтүстік Кореяның маусым айында Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Ли Чжэ Мён қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы зымыран ұшыруы болып отыр. Бұған дейін Пхеньян 8 және 22 мамыр күндері қысқа қашықтыққа ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарын ұшырған еді.

Айта кетейік, бұл зымыран ұшыру алдағы уақытта өтетін Азиаттық-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық (АТМЭЫ) саммитінің алдында орын алып отыр. Аталған саммит Оңтүстік Кореяда 31 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетсек, Солтүстік Корея Қытай маңында құпия база салғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекарада хабар таратуды тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар