Солтүстік Корея кемеге қарсы зымыранның жаңа түрін сынады
АСТАНА. KAZINFORM – КХДР жақын арада пайдалануға берілуі жоспарланған «Падасури-6» («Орлан-6») кемеге қарсы зымыранның жаңа түрін сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды trend.
Агенттіктің Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлағанындай, ұшырылымды ел көшбасшысы Ким Чен Ын басқарды.
Атап өтілгендей, зымырандардың ауада шамамен 23 минут болған және Жапон теңізіндегі шартты нысанаға дәл тиген.