Солтүстік Корея кезекті рет қанатты зымырандарын ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM - Солтүстік Корея шығыс жағалауынан зымыран ұшырғаннан кейін екі күн өткен соң сейсенбі күні батыс жағалауынан тағы да бірнеше қанатты зымыранды ұшырды, деп хабарлайды Yonhap

 Солтүстік Корея
Фото: Yonhap

Штаб бастықтарының бірлескен комитетінің (JCS) мәлімдеуінше, зымырандар батыс жағалаудан жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де ұшырылды.

Зымырандар саны нақтыланған жоқ.

Жексенбі күні Солтүстік Корея шығыс жағалауынан бірнеше қанатты зымыранды ұшырды.

«Бүгін ұшырылған қанатты зымырандардың ұшу уақыты 28 қаңтарда ұшырылған зымырандарға қарағанда ұзағырақ болды», - деді Штаб бастықтарының бірлескен комитетінің өкілі.

Соңғы жаңалықтар