Солтүстік Кореяда интернет жұмысында ауқымды бұзылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Кореяда интернет жұмысында ақау тіркелді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

интернет
Фото: freepik.com

Киберқауіпсіздік саласындағы сарапшы Джунаде Алидің айтуынша, қазіргі уақытта елдің барлық негізгі интернет-ресурстары, соның ішінде КХДР Сыртқы істер министрлігі мен Орталық телеграф агенттігінің сайттары қолжетімсіз. 

— Қазіргі кезде Солтүстік Кореяның интернет кеңістігінде Қытай немесе Ресей арқылы өтетініне қарамастан, барлық бағытқа әсер ететін үлкен бұзылу бар, — деді Джунаде Али.

Маман сондай-ақ КХДР интернет-инфрақұрылымы қазіргі уақытта желілік белсенділікті бақылау жүйелерінде көрінбейтінін қосып өтті. Оның бағалауынша, оқиғаның ең ықтимал себебі сыртқы араласу немесе кибершабуыл емес, ішкі техникалық ақаулар деп болып отыр.

Бұған дейін Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай қанатты зымырандар ұшырғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар