15:10, 16 Наурыз 2025 | GMT +5
Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 51 адам көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM - Кочани қаласындағы түнгі клубтан шыққан өрттен кем дегенде 51 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.

Солтүстік Македония Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өрт жексенбіге қараған түні танымал хип-хоп дуэті ADN концерті өтіп жатқан Pulse клубында болған. Кешке 1 500-ге жуық адам қатысқан.
— Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып, бірнеше адам ұсталды, - деп хабарлады Nova Makedonia.
Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, қызыл жалын түнгі клубта пиротехникалық заттарды қолданудың салдарынан тұтанып, соңы алапат өртке ұласқан.
Бұған дейін АҚШ әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы өртеніп кеткенін жазған едік.