06:05, 05 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Солтүстікте жел, бұрқасын, батыста көктайғақ: Қазгидромет бүгінгі күн райы болжамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 5-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай ҚР аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында қар, оңтүстік-батысында жауын-шашын және қар жауады. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында жоғары атмосфералық қысым әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік-шығыста, солтүстікте жел күшейеді, солтүстікте бұрқасындатып, жел тұрады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Осыған дейін Өскеменде қайтадан қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатыны туралы жаздық.