Сомали Рамазан айының құрметіне теңіз қарақшыларына рақымшылық жасамақ

АСТАНА.  6 тамыз. ҚазАқпарат - Сомали билігі 2 мыңнан астам теңіз қарақшыларына рақымшылық жасамақ. Бірақ бұл үшін олар кепілге алған адамдарды босатып, басып алған кемелерді қайтаруы тиіс.
None
None

Ел президенті Шариф Ахмед осылай деп мәлімдеген. Бұл туралы «The Times»-қа сілтеме жасап www.muslim.kz  сайты жазып отыр.

Шариф Ахмед: «Қоғамның дұрыс мүшесі болғысы келетіндерге құшағымыз ашық. Қарақшылықты тастағандардың қылмыстары кешіріледі», - деген екен. Әйтсе де, аталмыш ұсыныстың мерзімі шектеулі. Ол Рамазан айынан кейін 20 тамызда күшін жояды. Еуропалық одақтың мәліметі бойынша, қазір сомалилік теңіз қарақшылары шамамен 245 адамды кепілдікте ұстап отыр. Ал пираттардың жыл сайын әлемдік экономикаға келтіретін шығыны шамамен 12 миллиард долларды құрайды екен.

Бұған дейін баспасөз бетінде Шариф Ахмедтің қарақшылардың атышулы басшысы Мохамед Абиде Хасанға дипломатиялық төлқұжат бергені туралы жазылған болатын. Мұндай қадам бас қарақшының теңіз қарақшылығынан біржола бас тартуы үшін жасалған. Журналистер мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарынан алды.

Соңғы жаңалықтар