Сомалиде лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сомалидегі қонақ үйде болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews-ке сілтеме жасап.

Жергілікті басылым Somali Guardian хабарлағандай, ондаған адам жарақат алды. Жұма күні радикалды исламдық «Аш-Шабаб» тобының содырлары ел астанасы Могадишодағы федералды шенеуніктер жиі кездесулер өткізетін Hayat қонақ үйін басып алып, ғимаратты бір күннен артық ұстаған.

Қаза тапқандардың арасында Сомали парламентінің спикері және қонақүй иесі бар.

Бұған дейін Сомали астанасы Могадишодағы лаңкестік әрекеттен 20-дан астам адам қаза тапқаны хабарланған болатын.


Фото: euronews.com



Соңғы жаңалықтар
telegram