Сомалидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 100-ге жуықтады

Сомалидегі толассыз жауған жаңбырдан кейінгі су тасқынынан қаза тапқандар саны 96-ға жетті, деп хабарлайды Kazinform Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сомали  су тасқыны
Фото: Кадр из видео

- Сомалидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 96-ға жетті. Мұны табиғи апаттармен күрес жөніндегі агенттік басшылығы растады, делінген SONNA-ның Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

БҰҰ мәліметінше, онжылдықтағы ең жойқын су тасқыны 700 мыңға жуық адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.

Кения Қызыл Крест ұйымының мәліметінше, көршілес Кенияда су тасқынынан 76 адам қаза тапты.

«Шекарасыз дәрігерлер» (MSF) ұйымы таратқан мәліметке сүйенсек, көптеген жолдар мен көпірлер қирап, тұрғындар баспанасыз, ауыз сусыз және азық-түліксіз қалған.

Бұған дейін су тасқыны Сомалидегі бейіттер мен көпірді шайып кеткен болатын.