Сон Паскаль Абайдың әнін шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тілінде ән салатын италиялық әнші Сон Паскаль Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында ақынның бір әнін шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инстаграм желісіндегі парақшасына әнші өз орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әнін жариялады.

@qazaqair_official отправляет меня во все точки Казахстана, даже туда, где никто никогда не летал на параплане. #Актобе был крутым экспириенсом для меня - сильные ветра и теплый прием! И вот, встречайте Актобе с моей любимой казахской песней! 🎶 #ZhelsizTunde 🎹 @we.are.roli #roliblocks 🔥#Aktobe 🎥 @aizatulla_ #sonpascal #iNomad #qazaqair @wassupmag Il mio progetto #iNomad mi porta ad #Aktobe, città ad Ovest del #Kazakhstan dove nessuno aveva volato in parapendio prima d'ora. Vento forte ma esperienza molto interessante, ecco a voi #ZhelsizTunde

A post shared by Son Pascal (@sonpascal) on Aug 9, 2017 at 9:02am PDT

«Ақтөбе мен үшін тамаша тәжірибе болды - парапланға арналған күшті жел және жылы қабылдау!  Міне, Ақтөбені менің сүйікті қазақша әніммен бірге қабыл алыңыздар!», - деп жазды Сон Паскаль.

Әнді лондондық We are Roli командасы заманауи өңдеуден өткізген және жазбада әншінің Ақтөбеде түсірілген жеке бейнежазбалары көрініс тапқан.

Айта кетейік, қазақ халқының дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының (1845-1904) туғанына бүгін 172 жыл толып отыр.

Соңғы жаңалықтар