Соңғы айлардағы ең қуатты геомагниттік дауыл жақындап келеді

АСТАНА. KAZINFORM — 8 тамыз күні Жерде соңғы екі айдағы ең күшті магниттік дауыл болады деп болжанды, деп жазды AZƏRTAC. 

Соңғы айлардағы ең қуатты геомагниттік дауыл жақындап келеді
Фото: Pixabay.com

AZƏRTAC шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлағандай, 5 тамыз күні Күн бетінде М4.4 деңгейіндегі қуатты жарқыл тіркелді. Бұл – ең жоғары деңгейге жақын, алдынғы қатардағы деңгейдегі жарқыл.

Жарқылмен бірге плазмалық заттар кеңістікке лақтырылған. Алайда плазма бұлты Жерге тіке бағытталған жоқ, шамамен 45 градусқа бұрышпен жанамалай ұшып өтті. Бастапқыда ғалымдар бұл оқиға Жерге қауіп төндірмейді деп есептеген.

Алайда жаңартылған деректер бойынша, геомагниттік әсерлер күткеннен әлдеқайда күшті болады. Жоғары жылдамдықпен қозғалатын бұлт ядросы Жердің магнит өрісіне соқтығысып, айтарлықтай күшті соққы береді.

Күтілген геомагниттік индекс – Kp 6 деңгейіне дейін көтеріледі. Бұл көрсеткіш соңғы рет 13 маусымда тіркелген.

Мұндай оқиғалар орта деңгейлі дауыл деп саналғанымен, олар:

  • Энергетикалық жүйелерге,

  • Жер маңындағы ғарыш аппараттарына,

  • Радиотолқындардың таралуына

    әсер етуі мүмкін.

Геомагниттік жағдайдың нашарлауы 8 тамызға қараған түні басталады, өйткені Жер Күндегі ірі короналды тесіктің әсер ету аймағына енеді.

Жалпы, Күндегі жағдай күрделі: тек 6 тамыз күні өзінде 18 жарқыл тіркелген.

Магниттік дауылдардың (геомагниттік дауылдар) адам денсаулығына әсері ғылыми ортада жиі зерттелетін тақырып. Толық дәлелденбегенімен, көптеген зерттеулер кейбір адамдардың ағзасы геомагниттік белсенділікке сезімтал болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Геомагниттік дауылдың денсаулыққа ықтимал әсері қандай:

 

Қан қысымы мен жүрек жұмысына әсері

  • Кейбір зерттеулер магниттік дауыл кезінде қан қысымының көтерілуі немесе түсуі мүмкін екенін анықтаған.

  • Аритмия немесе жүрек соғысының бұзылуы тіркелген жағдайлар бар.

  • Созылмалы жүрек ауруы бар адамдарда бұл өзгерістер айқынырақ байқалуы мүмкін.

Бас ауруы, бас айналу

  • Адамдардың кейбірі магниттік дауыл кезінде бас ауруы, бас айналу, мигрен сияқты белгілерге шағымданады.

  • Бұл жағдайлар, әсіресе, метеосезімтал адамдарда жиі кездеседі.

Шаршау, әлсіздік, ұйқының бұзылуы

  • Магниттік дауыл кезеңінде ұйқысыздық, түнде жиі ояну, күні бойы шаршау сияқты белгілер байқалуы мүмкін.Психологиялық әсер

  • Кейбір адамдарда тітіркенгіштік, тұрақсыз көңіл-күй, алаңдаушылық немесе тіпті депрессиялық белгілер күшеюі мүмкін.

Иммундық жүйеге әсер

  • Ұзақ мерзімді геомагниттік белсенділік кезінде иммундық жүйенің тежелуі байқалуы мүмкін — бұл вирустық ауруларға бейімділікті арттырады.

Бұған дейін ең күшті магниттік дауыл биыл шілде айында байқалатыны болжанған еді.

Соңғы жаңалықтар