Соңғы 1 жылдың ішінде ғана 8 жаңа инновациялық өндіріс іске қосылып, 1,5 мың жұмыс орыны құрылды - И.Тасмағамбетов

СТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елорда әкімдігінде 1-ші Астаналық инновациялық форум қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Нұртай Әбіқаевтың төрағалығымен өтіп жатыр.
None
None

Алқалы жиында сөз алған И.Тасмағамбетов форумның болашағы зор екендігіне күмән келтірмейтіндігін атап өтіп, инновация - бүгінгі қоғам мен заманның талабына адам мен сананың жауабы деп сезіну керектігін, бұл орайда дамудың даңғыл жолындағы бәсекенің басты шарты да осы екендігін баса айтты. «Бұл ретте озық ойлармен жасампаз жобаларға арналған осы бір басқосу Астананың бүгінгі инновациялық әлеуетін салмақтап, бағдарын айқындайтын жиын болмақ. Ол өз жемісін беретін үлкен жұмыстың басы ғана», деді қала әкімі.

Сонымен қатар ол форум аясында инновациялық жобалардың көрмесі де ұйымдастырылып отырғандығына тоқталып, шетелдік жобаларға иек артпай, ғалымдарымызға көңіл бөліп, қаражатпен қамтамасыз ететін болсақ озық ойлардың ел ішінен де шығатындығы сөзсіз екендігін айтты.

«Соңғы 1 жылдың ішінде ғана қалада 8 жаңа инновациялық өндіріс іске қосылып, 1,5 мың жаңа жұмыс орыны құрылды. Тағы 6 инновациялық жоба ағымдағы жылы жүзеге асады. Сонымен қатар индустриялық паркте жалпы құны 170 млрд. теңгеден асатын 41 жоба бар», деді И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар