Соңғы 10 жылда Ресей мен Қазақстанның өзара сауда көлемі 4 есеге артты - В.Путин

«Қазақстан көптеген ресейлік өңірлер үшін жетекші сауда әріптесіне айналып отыр. Олардың қатарында Татарстан, Свердлов, Челябі, Орынбор облыстары бар. Бұл субъектілердің әрқайсысының қазақстандық әріптестерімен сауда айналымы миллиард доллардан асып жығылады. Бұл ресейлік-қазақстандық экономикалық байланыстарды дамытуға байыпты үлес. Соңғы он жылдың ішінде екіжақты сауда төрт есе өсіп, 2003 жылғы 5,8 млрд. доллардан 2012 жылы 22,4 млрд. долларға өсті», деді РФ Президенті.
В.Путиннің атап өтуінше, екі елдің арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың да өсім қарқыны жақсы. Мәселен, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға шамамен бір млрд. доллар ресейлік инвестиция құйылған. Бұл реттегі өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайыздан асып жығылып отыр.