17:30, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Соңғы 2 жыл ішінде травматикалық қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар саны екі есеге артты - Ішкі істер министрлігі
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жыл ішінде травматикалық қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар саны 2 есеге артты. 2010 жылғы 133-тен 2012 жылы 302-ге дейін жетті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанның өзінде республика бойынша травматикалық қару қолдану арқылы жасалған 106 қылмыс тіркелген болатын. Оның ішінде 3 адам өлімі, 20 қарақшылық шабуылы, 77 бұзақылық, сондай-ақ бопсалау, денсаулыққа ауыр және орташа қасақана зиян келтіру фактілері бар.