Соңғы 20 жылда Еуропаның географиялық-саяси картасы толық өзгерді - Еуропалық академияның директоры

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Еуропа мен Орталық Азияда соңғы 20 жылда жаңадан 25 мемлекет құрылды.
None
None

 Бұл туралы Еуропалық академияның директоры Эккарт Штратеншульте бүгін Алматыда өткен  «Шығыс Еуропа және Орталық Азия: 20 жылдағы өзгерістер, ынтымақтастық әлеуетінің дамуы және қарым-қатынас» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Соңғы  20 жылда Еуропаның географиялық-саяси картасы толық өзгерді. 1989 жылдан бері жаңадан  Еуропада - 20, ал Орталық Азияда 5 мемлекет  құрылды. Еуропадан социалистік құрылыс жүйесі кетіп,  шығыс пен батыс арасындағы дүрдараздық аяқталды. Еуропада НАТО жалғыз әскери ұйым және Еуропалық Одақ ықпалдастық орталығына айналды", дейді саяси ғылымдар докторы Эккарт Штратеншульте. Профессордың айтуынша, қазір Еуропадағы ықпалдастықта Еуроодақтың бәсекелесі жоқ.

Соңғы жаңалықтар