Соңғы 5 жылда аграрлық секторды дамытуға республикалық бюджеттен 670 млрд. теңге бөлінді - Елбасы

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Соңғы 5 жылда аграрлық секторды дамытуға республикалық бюджеттен 670 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Тек соңғы 5 жылдың ішінде ғана аграрлық секторды дамытуға республикалық бюджеттен 670 млрд. теңге бөлінді. Әлемдік дағдарыс қызып тұрған кезеңде Ұлттық қордан ауылдарға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 120 млрд. теңге бағытталды», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, аталған қаржының есебінен 42 жаңа жоба іске қосылып, мыңдаған ауыл тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етілді, ал ел экономикасы мол өнім алды.

Сондай-ақ дағдарыс жылдарында да жол салынып, мектептер мен ауруханалардың құрылысы қарқынды жүргізілгенін баса айтқан ҚР Президенті: «Бұл біздің көптеген кәсіпорындарымыз тоқыраған дағдарыс кезеңіндегі мемлекет тарапынан көрсетілген ауқымды қамқорлық болатын. Сол дағдарыс орын алған 2009 жылы ауыл шаруашылығы саласының өсімі 9 пайызды құрады», - деді.

Соңғы жаңалықтар