Соңғы айларда 15 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы айларда шетелдік әріптестермен жүргізілген келіссөздер барысында 15 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тарту жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ-ші съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еліміз бойынша құрылыс саласының қазіргі таңда жанданғанына тоқталған Президент: «Қаржы тапшылығына қарамастан тек өткен жылы 1,5 триллион теңгенің 213 инвестициялық жобасы іске қосылды. 8,5 триллион теңгенің 282 осындай жобалары жүзеге асырылып жатыр. Тек соңғы айларда шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу барысында 15 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тарту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді», - деді. Осы орайда Мемлекет басшысы таяуда Балқаш жылу электр стансысының құрылысына 4,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу туралы келісімге қол қойылғанын еске салып өтті.
Соңғы жаңалықтар