Соңғы бес жылда Астананың 300 мыңға жуық тұрғыны баспаналы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында соңғы бес жылда 9 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

«Нәтижесінде 300 мыңға жуық елордалық жаңа баспанаға ие болды. Бұл орташа көлемдегі облыс орталығының тұрғындарына пара-пар. Жыл соңына дейін тағы 2,5 млн.-ға жуық шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда», - делінген ұсынылған мәліметте.

Ал алдағы үш жылда Астанада жыл сайын 2 млн шаршы метрден кем емес көлемде баспана салып отыру көзделеді.

Қалалық Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Мира Байсүгірованың айтуынша, бүгінде баспанаға мұқтаждар тізінде 46 мыңға жуық азамат тұр.

«Заңнамаға сәйкес, пәтерлер тізім кезегіне тұру уақытына байланысты  үлестіріледі. Биыл пайдалануға берілген нысандар аясында 259 адам баспаналы болды», - деп атап өтті ол.  

Соңғы жаңалықтар