Соңғы екі жылда Германиядан Қазақстанға 3 мың адам қайта оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезінде Қазақстаннан Германияға көшіп кеткен этникалық немістер елімізге қайтып оралуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель мәлім етті.
None
None

«Соңғы екі жылда Германиядан Қазақстанға 3 мың адам оралған, олар еліміздің азаматтығын алуға ниетті», - деді депутат.

Өткен жылдары бір миллион этникалық немістердің Германияға көшіп кеткеніне тоқталған ол: «Олар неміс жерінде бір-бірін қазақтар деп атайды және осы азаматтардың Қазақстанға деген отансүйгіштігі сақталып, еліміздегі жағдайға немқұрайды қарамайды. Мен олармен жиі байланысып жүремін. Осы орайда айтарым, бұл азаматтар Қазақстан мен Германия арасындағы көпір болып табылады», - деді.

Соңғы жаңалықтар