07:51, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Соңғы қоңыраудан кейін 30 мың жас павлодарлық жазғы демалысқа шығады
ПАВЛОДАР. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодардың мектептерінде «Соңғы қоңырау» мерекесі өтеді,
деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.
Оқу жылын 31,6 мың оқушы аяқтап отыр, олардың 1715-і - бітіруші түлектер. Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 түлек «Алтын белгіден» үміткер.
Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген 1308 түлек жалпы орта білім туралы аттестат үшін және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына білім алу конкурсына қатысу үшін қосарланған емтихан тапсыратын болады.